Лента новостей

Каспий жағалауындағы 3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін анықтады.  

Каспий жағалауындағы 3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

"Бастапқыда, 2007 жылы жер учаскесі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен "Гелиос" ЖШС-не 3,3 млрд теңгеге қайта сатылғаны анықталды." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Талдаумен аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды.

Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды.

"Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы). Облыс прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз енгізді." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Экономикалық соттың шешімімен талап қоюшының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (заңды күшіне енген жоқ).

Бүгінгі күнде жер учаскесінің кадастрлық құны 30 млрд теңгеден асады.

Сурет: freepik

Просмотров (3559)
ТопДок 1