Лента новостей

Алматы мен Алматы облысында бұршақ жауды

Қала және өңір тұрғындары әлеуметтік желіде фото, видеоларын жариялады.

Алматы мен Алматы облысында қатты бұршақ жауып, найзағай ойнады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін сағат 21:12-де алматылықтарға ауа райының нашарлайтыны туралы СМС хабарлама келген болатын.

"Алматы қаласында найзағай күтіледі, жел екпіні секундына 17 метрге дейін күшейеді", - делінген 112 қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі видеоға қарағанда, Алматы облысындағы Есік қаласында да қатты бұршақ жауған.

Сурет:Tengrinews.kz

Просмотров (1778)
ТопДок 1