Лента новостей

Семейде әскери шеруді тамашалауға 500-ге жуық адам жиналды

көрермен, лэд-экран

Семейліктер парадты LED-экраннан қарады.

Семей халқы республикалық парадты тамашалады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтті.

Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар, жалпы саны 500-ге жуық адам алаңқайға қойылған LED-экранның алдына жиналды.

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация қатысуда. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (6586)
ТопДок 1