Лента новостей

Абай облысында "Балалардың жолдардағы қауіпсіздігі" акциясы өтуде

Алдын алу іс-шарасы жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау, ағарту, сондай-ақ мүдделі азаматтық қоғам институттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп өткізіледі.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Абай облысының аумағында "Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" кең ауқымды акциясы өткізілуде, - деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі облыстық Полиция Департаментіне сілтеме жасап.

Патрульдік қызмет қызметкерлері өткізілетін акция шеңберінде ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп балалардың қатысуымен жергілікті авариялық ошақтар орындарында, білім беру мекемелерінде, ойын алаңдарында және өзге де белсенді демалыс орындарында алдын алу жұмыс жүзеге асырылады.

Тәртіп сақшылары балаларды тасымалдау ережелерін сақтауға баса назар аудара отырып, көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударады.

Балалардың арасында патрульдік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізілетін профилактикалық жұмыс үлкен қызығушылық тудырады, оның барысында түсіндіру, практикалық, рейдтік іс-шаралар, оның ішінде тақырыптық ойын түрінде өткізіледі.

Просмотров (50417)
ТопДок 1