Лента новостей

Берік Уәли Семейдің бір шағынауданындағы автобустар мәселесін тексеруге уәде берді

Берік Уәли Семейдің бір шағынауданындағы автобустар мәселесін тексеруге уәде берді

Абай облысының әкімі Берік Уәли қала тұрғындарымен өткен кездесуде Семей қаласының шетінде орналасқан Мұрат тұрғын үй кешенінің қоғамдық көлікке қатысты мәселесі көтерілгенін айтты деп хабарлайды Arnapress корреспонденті.

Кездесу барысында тұрғындар бұл бағытта 9 және 48 маршруттары бойынша жүретін автобустардың дұрыс жүрмейтінін, қозғалыс кестесі жиі сақталмайтынын жеткізген.

Аймақ басшысы аталған мәселе назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, жағдайды толық тексеріп, қоғамдық көлік қозғалысын реттеу бойынша тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, мәселенің жақын арада шешілуі бақылауда болады.

Гүлнұр АХМЕТЖАН

Фото: Arnapress.kz 

Просмотров (246)
ТопДок 1