Лента новостей

Әлеуметтік желідегі жарияланым үшін әкімшілік хаттама толтырылды

әлеуметтік желі, дұрыс, пайдаланбау

Қазақстандық Бауыржан Бақытжанұлы көп әйел алу жөнінде жазбалар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.

Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қ азақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілгеннен кейін азамат әлеуметтік желідегі парақшасынан жарияланған материалдарды өз еркімен өшірді. Алматы полициясы әлеуметтік желілер қоғамдық ақпараттық кеңістік болып табылатынын еске салады. Заң талаптарына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға қайшы мінез-құлық үлгілерін насихаттайтын, отбасы институтына деген құрметті төмендететін контентті тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай тәсіл заң талаптарын сақтау, қоғамдық мүдделерді қорғау және цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Фото: ЖИ

Просмотров (122)
ТопДок 1