
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Облыс әкімі Берік Уәли Семейді аралау барысында жергілікті халыққа "ескі көпір" атауымен белгілі автогуж көпірінің жолы толық асфальт төселетінін жеткізді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
"Апта соңында асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарын бастау қажет. Қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Бір аптаның ішінде аяқтауды тапсырамын. Кіре беріс жолдарын қоса алғанда 1 шақырымға жуық жерге, алыңдығы 6 сантиметрлік асфальт төселетін болады. Осылайша қаламыздағы екі көпір де толық жаңарады", – деді облыс әкімі.
Осыған дейін Семейдегі аспалы көпірдің жолы мен айналма жолдың асфальт жабындысы толық ауыстырылған болатын. Ескі көпірдегі жұмыстар аяқталғанда облыс орталығындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығы арта түспек.
Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі