Лента новостей

Қазақстанда мектеп жиындары қашан өтетіні белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі 2024/2025 оқу жылының басталуына орай мектеп жиындары қашан өтетінін мәлімдеді.

Қазақстанда мектеп жиындары қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыларға арналған жиындар 1 қыркүйек, жексенбіде өтеді.

"Жиын дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді", - деді министрлікте.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа 345 мың қазақстандық барады.

"1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары үшін "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында жиын ұйымдастырылады. 2 қыркүйек - жаңа оқу жылының бірінші оқу күнінде – "Менің Отаным - Қазақстан" бірыңғай сынып сағаты, одан әрі кесте бойынша сабақтар өтеді", - деп толықтырдылды.

Фото:depositphotos.com

Просмотров (3525)
ТопДок 1