среда, 19.12.2018
USD/KZT — 319.19EUR/KZT — 339.01RUR/KZT — 5.5
Культура

Семейде Ақтамберді жыраудың сауыты табылды

четверг, 27.02.2014
Семейде Ақтамберді жыраудың сауыты табылды

Cемейдегі облыстық тирихи-өлкетану мұражайында атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді жыраудың көне сауыты табылды. Ұзақ уақыт бойы белгісіз жәдігерлер қатарында сақталып келген сауыт батыр бабамызға тиесілі екені белгілі болды. Осылайша, 17-18 ғасырларға жататын көне бұйымды жергілікті өлкетанушылар көпшілік назарына ұсынды.

1

Қилы тағдырды бастан кешкен сауытты Ақтамберді ұрпақтары 1930 жылдары Қытай еліне алып өтпек болған. Алайда, шекарада большевиктердің қарулы шабуылына тап болып, жендеттер көшті түгел қырып салады. Ал, большевиктер қолдарына түскен дүниелер арасынан сауытты Семейдегі мұражайға тапсырған. Міне, содан бері жәдігер тирихы беймәлім болып келді. Дегенмен, батырдың ұрпағы Асхат Жұмаділов ел арасындағы деректерге сүйеніп мұражайға келіп, көне жәдігердің Ақтамберді жырауға тиесілі екенін айтқан.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Бекен Теміровтың айтуынша, сауыттың ұзақ уақыт сақталғаны анық. Енді, 10 келіден асатын сауытты мамандар алдағы уақытта зерттеп, нақты деректерді анықтауға тырыспақ.

Асан МЫРЗАХАНОВ

Оставить комментарий

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике ArnaPress.kz.
Редакция не несет никакой ответственности за форму и характер комментариев.

Условия размещения комментария

Содержание комментариев на опубликованные материалы является мнением лиц, их написавших, и может не совпадать с мнением администрации сайта. Администрация сайта не несет ответственности за содержание комментариев.

Редакция www.arnapress.kz оставляет за собой право удалять комментарии, нарушающие действующее законодательство, в том числе высказывания, содержащие разжигание этнической и религиозной вражды, призывы к насилию, призывы к свержению конституционного строя, оскорбления конкретных лиц или любых групп граждан.

Кроме того редакция www.arnapress.kz оставляет за собой право удалять комментарии, которые не удовлетворяют общепринятым нормам морали, преследуют рекламные цели, провоцируют пользователей на неконструктивный диалог, оскорбляют авторов комментируемого материала, а также содержащие ненормативную лексику и ссылки на источники информации, не имеющей отношения к обсуждаемой теме.

Обращаем ваше внимание, что максимальное количество знаков в сообщении не может превышать 500 символов

Культура

Страницы: